ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан ҰҚТ жойылды

21 Қараша, 11:03 377

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты белсенді жалғастырып келеді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан. Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылды, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 кг «мефедрон» және «альфа-pvp» есірткілері тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: