ІІМ Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге қатысты мәлімдеме жасады

5 Маусым, 18:04 1626

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қатысты  қылмыстық істің қозғалғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалған ақпарат бойынша іс қозғалды, бірақ нақты бір адамға қатысты емес. Нақтысын анықтайтын боламыз, - деп жауап берді Саденов Мәжіліс кулуарында. 

2 маусымда қазақстандық саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев YouTube желісіндегі Ertysbaev Live арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда Амангелдінің өзі бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін жеткізді. 

Миражан Махан
Бөлісу: