ІІМ ресми өкілі: Биыл пәтер ұрлығы 28%-ға азайды

10 Маусым, 15:52 493

Бұл туралы мүлікті ұрылардан қорғау туралы брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы 5 жылда пәтер ұрлығының саны жыл сайын орта есеппен 34%-ға төмендеп келеді.

Егер 2019 жылы 31 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2023 жылы тіркелген қылмыс саны 9 мыңнан аспайды. Төмендеу үрдісі ағымдағы жылы да сақталып отыр. Биыл пәтер ұрлығы 28%-ға азайды. Бірақ ұрылардың пәтерге кіру және ұрлық жасау тәсілдері де өзгеріп отырады, - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Негізінен пәтер ұрлығы күндіз, яғни барлығы жұмыста немесе оқуда болған кезде жасалады.

Үйге кіру үшін қаскөйлер түрлі тәсілдерді қолданады:

-         есіктерді бұзып кіреді;

-         ашық балкон, ашық терезелерден кіреді;

-         пластикалық терезелерді ашып кіреді;

-         құлыптарға кілт таңдау жолымен немесе басқа да әдістермен кіреді.

Үйіңіз бен ондағы мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында ІІМ қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: