ІІМ қыз зорлаған полицейлерге қатысты істің мән-жайын айтты

11 Желтоқсан 2023, 14:18 1688

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы облысында қыз зорлаған полиция қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қызды зорлаған екі полицейге қатысты істің мән-жайын сұрады.

Өкінішке қарай, бұл деректің болғаны рас. Бұрынғы құқық қорғау қызметкерлері аталмыш қылмысты жасады. Бұл жағдайдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, дисциплинарлық комиссияның отырысы өткізіліп, бұрынғы қызметкерлер ішкі істер органы саласынан шығарылды. Бұдан бөлек күдіктілер қылмыстық іс шеңберінде қамауға алынды. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Оның сөзінше, күдіктілер қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органы сапында жұмыс істеген.
ІІМ басшысы оқиғаның мән-жайын айта алмайтынын, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Миражан Махан
Бөлісу: