ІІМ қай өңірлерде жол апаты жиі болатынын айтты

3 Қазан 2023, 11:53 805

Биыл жол көлік оқиғалары 13 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жол көлік оқиғалары салдарынан жарақат алғандар 16 пайызға, сондай-ақ қаза тапқан адамдар саны да төмендеген.

Осылайша, 2 мыңға жуық адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалдық. Дегенмен, жалпы апаттылықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында апаттылықтың деңгейі жоғары болып қалуда. Негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғаларының 73 пайызы келеді. Бұл ретте, адам шығынымен болған апаттардың 1/4 жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Олардың ең көп үлесі Алматы, Астана қаласында және Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау мен Алматы облысында, - деді Марат Қожаев.

Министрдің айтуынша, реттелмейтін өткелдерде зардаптары ауыр жол-көлік оқиғалары 5 есе жиі болады.

Елімізде тек 250 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері бар. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында олар мүлдем жоқ. Бүгінде мыңнан астам бағдаршам нысандары, 1,5 мың «кері санақ» таблосы, 25 мың жол белгілері, 1 млн км-ден астам жол таңбалары қажет, - деп  вице министр.

Миражан Махан
Бөлісу: