Биылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтарына VIP-серияларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін (МТНБ / ГРНЗ) қалаған әріптік және сандық комбинациямен еркін таңдауға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін автокөлік иелері тек ұсынылған бірнеше нұсқаның бірін ғана таңдай алатын. Ал өз комбинациясын құрастыру мүмкіндігі тек VIP-нөмірлерді сатып алған жағдайда ғана қолжетімді болатын.
ІІМ мәліметінше, 5 қаңтардан бастап азаматтар нөмірді арнайы ХҚКО арқылы таңдай алады. Қалаған әріптік және сандық белгісі бар мемлекеттік нөмірдің құны 10 АЕК немесе 15 АЕК. Бұған жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлер бұған кірмейді, олар үшін бөлек мемлекеттік баж қарастырылған.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенова мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ 2026 жылдан бастап Қазақстанда VIP-нөмірлердің бағасы 10 пайызға қымбаттағаны хабарланды.