ІІМ-де балық қорғау акциясы қорытындыланды

1 Маусым, 13:17 504

Жайық-Каспий бассейні аумағында ішкі істер органдары “Бекіре” профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі айдың ішінде браконьерлік, балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымының 292 фактісі анықталып, жолы кесілді. 62 қылмыстық іс қозғалды, 230 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 4,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 10 тоннаға жуық балық, оның ішінде 2 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық, 75,5 кг уылдырық, 12 жүзу құралы, сондай-ақ 29 кг шаян тәркіленді.

Мысалы, Атырау облысы Жаңаталап ауылының маңында полиция қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында 72,6 кг балық, оның ішінде 18,5 кг бекіре тұқымдас балық табылды. Тағы бір факт Астрахань – Атырау тасжолында тіркелді. Полицейлер Toyota көлігін тоқтатып, 445 кг балық тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, балық жолаушыға тиесілі болған. Барлық деректер бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: