ИИДМ азаматтық авиацияға арналған жанармайды делдалсыз жеткізу механизмін іске қоспақ

25 Тамыз 2022, 17:47 1022

Авиаотынды қамтамасыз етудің ерекше қиын жағдайы өткен жылдың соңында байқалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі күзгі авиажанармай дефицитінің алдын-алу шараларын жүргізуде, деп хабралайды El.kz.

Жыл сайын отандық азаматтық авиация саласы мұнай өңдеу зауыттарында жүргізілетін маусымдық жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты және осыған орай авиацияға арналған жанар-жағармай өндіруді уақытша шектеуге байланысты авиакеросин тапшылығына тап болады.

Авиаотынды қамтамасыз етудің ерекше қиын жағдайы өткен жылдың соңында байқалды. Ресей Федерациясының ішкі нарығында сұраныстың жоғары болуына байланысты авиаотын импорты қиындаған болатын.

Түйіткілді мәселені оңтайлы шешу мақсатында былтырғы жылдың соңына қарай ҚР ИИДМ Энергетика министрлігімен бірлесіп арнайы жиын өткізді. Басқосуға ірі авиажанармай жеткізушілер, отандық әуекомпаниялар мен әуежайлар басшылары, ҚТЖ және ҚМГ сынды іргелі ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде тараптар жанармай жеткізудегі мәселелерді назарға алып, өзара келісімге келді.

Атап айтқанда, ең біріншіден, авиажанармай жолаушылар тасымалымен айналысатын отандық авиакомпанияларға жеткізілуі тиіс. Содан кейін ғана шетелдік әуе компаниялары мен жүк тасымалдаушыларға берілуі қажет. Жанармайды бұлай жеткізу схемасы мұнай өнімдері ресурсын сақтаушылар үшін міндетті болып табылмайды. Бұл тәсіл ішкі және халықаралық жолаушылар тасымалы н үзіліссіз орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Тарлан Аэро компаниясы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайымен жасалған шартқа сәйкес астаналық әуежайда шетелдік авиакомпанияларды авиаотынмен қамтамасыз етеді, осыған байланысты ол МӨЗ-да тұтыну көлемі мен өндіріс көлеміне қарай авиаотынды бөлуде ескеріледі. 2021 жылы және 2022 жылғы 7 айда Тарлан Аэро компаниясы WizzAir, FlyDubai, Turkish Airlines, Lufthansa, LOT, Аэрофлот, Өзбек әуежелілері, Белавиа, Азимут, RedWings, Corendon Airlines, Rossiya, сондай-ақ бизнес әуе рейстерін орындайтын шетелдік авиакомпанияларға жанармай құйды.

Сонымен қатар, осы жылдың 7 айында Тарлан Аэро шетелдік авиакомпанияларға 14 мың тонна авиаотын сатты, шетелдік авиакомпанияларға ұсынылған бөлу бойынша - 10,4 мың тонна. Тарлан Аэро компаниясы авиаотынның жетіспейтін көлемін импорттап, бизнес авиация рейстеріне жанармай құяды. Осы орайда айта кетерлігі, 2021 жылы 670 мың тонна авиажанармай жұмсалған. Ал өндірілген өнім көлемі - 580 мың тонна. 2022 жылдың алғашқы 7 айында тұтынылған авиажанармай көлемі 455 мың тоннаны құрайды. Ал өндірілген өнім мөлшері - 399 мың тонна. Болжам бойынша биыл 1 млн тонна жанармай тұтынылмақ. Ал 2022 жылы күтіліп отырған авиажанармай өндірісінің көлемі 700 мың тонна шамасында. Қазіргі уақытта ынталы екі министрлік авиажанармайды делдалдарсыз жеткізуді шектеу мақсатындағы қосымша шараларды пысықтауда. Оның ішінде: - авиажанармайды тауар биржалары арқылы жеткізуді 100 пайызға жеткізу (бұл тәсіл азаматтық авиация субъектілеріне арналған жанармайды ресурс сақтаушыларынан тікелей жеткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді); - «ҚазМұнайГаз-Аэро» арқылы біріктірілген импорттық жанармай сатып алу (кепілдендірілген көлемдегі жанармай мен импорттық авиажанармайдың едәуір көлемі есебінен жанармай бағасын төмендету мақсатында). Жалпы алғанда, ішкі нарықта авиаотын тапшылығын және импортқа тәуелділікті болдырмау үшін отандық МӨЗ-ың авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл, 2020 жылғы локдауннан кейін ұшуларды біртіндеп қалпына келтіру нәтижесінде авиатасымалдар саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуін, сондай-ақ транзиттік ұшақтардың техникалық қонулар санының ұлғаюын ескеретін болсақ, өзекті мәселе болып табылады.

Бөлісу: