Игорь Рогов: Конституция – әділеттілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізін қалаушы құжат

27 Тамыз, 12:15 762

Астанада «Қазақстандағы Конституциялық дамудың негізгі құндылықтары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 жылдығы және мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының алаңында айтқан «Заң және тәртіп» қағидасын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Дөңгелек үстелдің мақсаты «Заң және тәртіп» қағидаты контекстінде Қазақстандағы конституциялық дамудың негізгі құндылықтарын зерделеу және талқылау, сондай-ақ елдегі заң үстемдігін нығайту және конституциялық қағидаттарды қолдау жөнінде пікір алмасу болды.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов 2025 жылдың еліміз үшін өте маңызды екенін айтты.

Фото:El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтеміз. Ассамблея Конституция белгілеген принциптерге сүйене отырып, тынымсыз жұмысын жалғастыруда. Ең алдымен, ол азаматтық қоғам мен мемлекеттің сенімімен өзара іс-қимылына деген қазақстандық патриотизм. Қазақстан халқы Ассамблеясының Конституциялық негіздерін бекемдеуге және жауапкершілігін сақтауға зор үлес қоса беруіне ниетімді білдіргім келеді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз Конституцияның арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, одан ары дамыту жолында жұмыс істейміз, - деді Марат Алмасұлы.

Ал Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің негізгі іргетасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр азаматтың міндеті – Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, Конституциялық құндылықтарды қорғау, мүлтіксіз орындау.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдары, 2022 жылдың 8 маусымы мен 17 қыркүйегінде  Конституцияда өзгерістер болды. 2022 жылдың 7 маусымында өткен жалпы ұлттық референдумның нәтижесінде Конституцияның 33-бабына 56 өзгеріс енгізілді. Республикамызда 6 конституциялық заң, 41 кодекс, 301 ескі заң, 2500 заң қолданыста. Оның 90 пайызына өзгерістер мен қосымшалар енгізілген, - деді Сенат депутаты.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында құқық және конституциялық даму саласындағы жетекші мамандар баяндама жасады. Профессор Игорь Рогов өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясы елдегі әділеттілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізін қалаушы құжат болып табылатынын айтты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Георгий Ким елдің Ата заңның әділетті мемлекеттік құрылымның іргетасы ретіндегі рөліне назар аударды және Конституция құқықтық жүйені қолдаудың, азаматтардың барлығына теңдік пен әділдік қамтамасыз ететін негізгі құралы екенін атап өтті.

Талқылауларға елдің конституциялық дамуының тарихы мен мәселелері саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, сонымен қатар онлайн түрде өңірлердегі ЖОО профессор-оқытушы құрамы қатысты.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: