Игілік көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Игілік көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осы жылдың 10-12 маусымында Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.