Иесіз иттерді атуға тыйым салынған

10 Наурыз 2023, 11:53 2020

Ақмола облысы тұрғындарының тарапынан көшедегі иесіз жүрген иттерге қатысты шағым көп. Аталған шағым бойынша El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі мән-жайды анықтап білді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев бүгінде жануарларды қорғайтын заң қабылданып, қаңғыған жануарларды аулау және өлтіру тоқтатылғанын айтты.  Енді бұрынғыдай оларды өлтіру үшін қару қолдануға болмады.

«Атуға тыйым салынған. Сондықтан біз бұл жұмыс бойынша конкурс жүргізіп, меңгерушіні бекіттік. Олар 17 ауданға бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстарын қолға алды. Иесіз иттерді құрықтап, оған стерилизация жасап, қайтадан жіберу керек. Тұрғындардан түсіп жатқан өтініш-шағымдар бар. Иттерді ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – дейді әкім орынбасары.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: