29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды, - делінген мәліметте.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек