Жатақханадағы өртке байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенім телефоны 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 телефондары бойынша жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланған еді. Барлығы он үш адам қайтыс болды, оның тоғызы қазақстандық болса, төртеуі шетел азаматтары.