02.09.2024
09:38
1021
Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу аясында Словакияға есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шешуші ойын 3:1 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды. Ал Қазақстан құрамасы сапында жалғыз голды Никита Михайлис соқты.

Осылайша, Италияда өтетін Олимпиада-2026-ға Словакия, Латвия және Дания құрамалары барады. Бұған дейін Канада, Швеция, Швейцария, Италия, Финляндия, Германия, Чехия, Ресей және АҚШ іріктеуден өткен.