2024 жылғы әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Латвиямен ойнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғалым Мәмбеталиев айдынға мына құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) — Метальников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диқанбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.
Айдын иелері кездесу фавориті саналғанымен, алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде Андрей Шутов қақпасына екі гол соғылды. Осы есеп ойынның соңына дейін сақталды. Латвия жеңіске жетті – 2:0.
Осылайша, Қазақстан бірінші матчта Францияны жеңгенімен, одан кейін Словакия (2:6) және Латвия (0:2) құрамаларына есе жіберді. Ал бейсенбі күні құрамамыз Швециямен кездесу өткізеді.