Қазақстан кубогы аясындағы хоккей матчы кезінде Өскемен полициясы киберқауіпсіздік тақырыбына арналған профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спорт аренасында 4 мыңнан астам көрермен жиналды. Жанкүйерлерге жеке деректерді қорғау бойынша практикалық кеңестер қамтылған арнайы жадынамалар таратылып, үлкен экранда интернет-алаяқтықтың ең кең таралған тәсілдері мен олардан сақтану жолдары жөнінде бейнероликтер көрсетілді.
Полицейлердің айтуынша, профилактика – азаматтарды қорғаудың ең тиімді тәсілі. Осындай іс-шаралар халықтың киберсауаттылығын арттырып, жаңа қылмыс түрлеріне қарсы тұруға қоғамның тұрақтылығын нығайтады.