Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының Ресей және Беларусьпен жолдастық кездесуге қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған екі жолдастық кездесу 5 және 7 мамыр күндері өтеді.
Бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиев бұл ойындарда бақ сынайтын хоккейшілердің кеңейтілген тізімін жариялады.
Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Андрей Шутов (барлығы – «Барыс»), Максим Павленко («Номад»)
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс»), Дмитрий Бреус («Чайка», Ресей), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Артем Королев, Абылайхан Сүлейменов (барлығы – «Номад») Кирилл Полохов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков (барлығы – «Барыс»), Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков (барлығы – «Номад»), Андрей Буяльский (Вермонт университеті, АҚШ), Саян Данияр («Сарыарқа»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Хақназар Кеңесбай («Алматы»), Максим Мусоров («Химик», Ресей), Роман Старченко («Спартак», Мәскеу, Ресей), Евгений Рымарев («АКМ», Ресей).
Айта кетерлігі, құрамамыз 12-28 мамыр аралығында әлем чемпионатына қатысады. Мәмбетәлиев шәкірттері В тобында Канада, Чехия, Швейцария, Латвия, Словакия, Норвегия, Словения құрамаларымен кездеседі.