04.04.2024
19:04
1284
Хиуада Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Хиуада Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.