Хиджабын шешкен жұлдыздар кім?

17 Мамыр, 18:30 2427

Танымал адамдардың әрбір әрекеті қоғам назарында. Ондай жұлдыздардың киген киімі, мінген көлігі де желіде қызу талқыланып жатады. Осы күні хиджабтарын шешіп тастаған жұлдыздар да бар. Оған не себеп болды? El.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көреді.

Ақбота Сейітмағамбет

«КешYou» тобының экс-әншісі Ақбота Нұр 2020 жылы Instagram-да өзінің бүкіл сурет-видеоларын өшіріп, хиджаб киген фотосын салып,  «АссаламуАлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатух!» — деп жазба қалдырды.

(instagram/akbotanurabaykyzy)

Бірақ әнші жаңа стильмен бір ай ғана жүрді. Ол орамалды неге шешкенін «Ревю» бағдарламасында түсіндірді:

Сөздің ашығына келетін болсам, хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайды екенсің. Хиджабқа дайын болмай келгеннен кейін, көп өтпей шешіп тастадым.  Орамал таққаным күйзелістің кесірінен емес. Біріншіден, хиджаб ешқандай да ойнауға болмайды. Екіншіден, мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінен жоқ болып кетемін, - деді ол.

Рамина Таипова

Instagram жұлдызы, блогер Рамина Таипова 2023 жылы орамалға келгенін әлеуметтік желіге салып, былай пікір білдірді:

Біз мұсылмандар үшін үлгі болуға тиіспіз. Орамал тағып, сыртқа шыққанда басыма «енді шегінерге жол жоқ» деген ой келді. Бұл мәңгілік! Мұны қабылдауым керек, - деді Рамина.

(instagram/taipovaaramina)

Алайда араға екі ай салып, инста-жұлдыз орамалын шешіп тастады.

Мен өзімді орамалда да, орамалсыз да нашар сезінемін. Құдайдан шашымды ашқаным үшін кешірім сұраймын. Сөзімде тұра алмадым. Хиджабпен далаға шыға алмадым, тіпті айнаға қарай алмадым. Орамал тағу үшін оған деген махаббат болу керек екенін түсіндім, - деді ол.

Ботагөз Балабекова

Ботагөз күн сайын өз өмірінің керемет сәттерінен Instagram желісінде фото, видео жариялап, жұртты еліктіретін. Ол тіпті ашық фото салудан да тайынбаған. «Эксорт ардагері» саналатын ару бір күні хиджаб кигенін мәлімдеді. Оның парақшасы дін тақырыбына ойысты. Арада біршама уақыт өткенде Ботагөз хиджаб туралы постын өшіріп тастаған. Бірақ, ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Кейінірек, орамалын шешіп, бұрынғы өміріне қайта оралғаны белгілі болды.

(instagram/bota_070)

Арудың орамал тағуына түрткі болған дінге берік ер адаммен көңіл жарастырғаны екен. Алайда, екеуінің ара қатынасы көпке созылмағандай.

Данеля Садықова

Dequine атымен танымал әнші Данеля Садықова былтыр орамалын шешуді ұйғарыпты. Ол хиджабты бір жарым жылдай тақты, тіпті қажылық парызын да орындаған еді.

(instagram/dequiine)

Сөзінше, сол уақыт өміріндегі ең керемет сәт болған. Орамалдан бас тарту себебін:

Өзімді исламның community-не кіріктіре алмадым, исламдағы адамның образына келіңкіремедім. Хиджаб кигеніме де, шешкеніме де өкінбеймін,- деп түсіндірді.

P.S. Бұл тізімге тағы кімдерді қосар едіңіз?

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: