«Хиджабты шешпеймін»: Ресейде ирандық дзюдошы жарыстан шеттетілді

25 Тамыз 2023, 15:30 2645

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан ирандық спортшы қыз шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ирандық дзюдошы қыз Сабзкар Марзие 78 келіден жоғары салмақта сынға түсуге тиіс еді. Алайда ол татамиге шығарда хиджабын шешуден бас тартқаны үшін жарыстан аластатылды.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, хиджабпен татамиге шығуға тыйым салынады. Хиджабпен күрескенде жарақат алу қаупі жоғары, - деп хабарлады турнирді ұйымдастырушылар.

Бір қызығы, Марзие аталған турнирде мүлде күреспесе де, қола жүлдегер атанды. Себебі аталған салмақта небары 4 спортшы бақ сынаған. Дзюдо ережесі бойынша, қола жүлде екі спортшыға беріледі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: