Хат-хабар мен газет-журнал тасымалы азайып барады - «Қазпошта»

27 Қыркүйек 2023, 15:39 933

«Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша, жылдан-жылға қолмен хат жазу қызметі мен газет-журналды жазылып оқитындар азайып бара жатыр екен. Ол мұның себебін интернеттің дамуымен байланыстырып отыр. Осының әсерінен табыс азайып отыр, сондықтан жұмыс істеу формасын жетілдіру керек екенін айтады, деп хабарлайды .

66,5 млн данадан астам газет-журнал (ауылдық елді мекендерге 45,6 млн, қалада шамамен 21 млн бірлік). Шығын - 9,1 млрд теңге.

3,5 млн жазбаша хат-хабар (ауылдық елді мекендерге 475 мың бірлік, қалада шамамен 3 млн бірлік). Шығын - 369 млн теңге.

Шамамен 1 000 000 клиент 700 млрд теңге сомасына төлем алды. Шығын - 4,7 млрд теңге.

Ол сондай-ақ ауылдардағы бөлімшелерді ұстап тұру қаржылық жағынан салмақ салатынын айтты.

Бұл ретте әлеуметтік қызметтер көрсету үшін ауылдық бөлімшелерді ұстау – үлкен қаржылық жүктеме. Осы қызмет түрлерін қолдау үшін 2022 жылы компания 15,4 млрд теңге шығынға ұшырады. Ал шығындарды жабу бойынша субсидиялар 2,5 млрд теңгені құрады, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: