Хасан Қасымбаев екі айға қамалды

5 Қараша, 13:16 905

Талғардағы «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевты қамау мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық соты оын екі ай мерзімге қамау туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін полиция оның адам ұрлау күдігімен ұсталғанын мәлімдеген.

2024 жылғы 2 қарашада Азамат Қ. 2021 жылғы маусымда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, азамат А-ны ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс материалдары сотқа бұлтартпау шарасы үшін жолданды. Тергеу облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауында, - делінген ПД хабарламасында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: