16.10.2025
21:55
426
«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы алаңда көз жұмды

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы алаңда көз жұмды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты терең қайғырып, марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Федерацияның хабарламасында жас спортшының футболға деген ерекше ынтасы мен табиғи таланты атап өтілді.

Жастығына қарамастан, Диас өз ойынымен, еңбекқорлығымен және алаңдағы мінезімен көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі – қазақ футболы үшін орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте Диастың отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз, – делінген ҚФФ мәлімдемесінде.

ҚФФ ұжымы марқұмның ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып, сабыр тіледі.