Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператордың тізімін жариялады. Құжат тапсырған 20 туроператордың екеуі (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) байқаудан өте алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4 мың қажылық орнын бөлген.
Қазақстандықтарды 2023 жылы қажылыққа апаратын туроператорлар:
"Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ төрағасы бекітті. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін "Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу" туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды", – делінген діни басқармасының ресми хабарламасында.