Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды

31 Қазан, 09:07 351

Әзербайжан азаматы алаяқтық жолмен Баку тұрғындарының ақшасын иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады.

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген. Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: