29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыРесейдің Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша Қорған қаласының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 190-бабының 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Анықталғандай, күдікті 2018 жылы Астана қаласында бір топ азаматпен бірлесіп, алдын ала жеткізуші ретінде тендерлерге қатысушы болып, жұрттың сеніміне кірген. Кейін тиісті өнімдерді жеткізуші ретінде келіскен шартты бұзып, аталған өнімдерді заңсыз иемденіп алғаны анықталған.
Алаяқтар алдау арқылы 39 миллион теңгеден аса материалдық шығын келтірген. Оның сыбайластары бұрын қамауға алынған болатын.
Аталған факті бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Минск конвенциясына сәйкес, бұл азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек