26.07.2025
22:41
537
Халықаралық іздеуде болған: Алаяқтық бойынша айыпталған қазақстандық Мысырда қамалды

Халықаралық іздеуде болған: Алаяқтық бойынша айыпталған қазақстандық Мысырда қамалды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол криминалдық полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласына жеткізілді. 2023 жылы ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан. Осы бойынша полицияға 105 адам арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллиард теңгеден асқан көрінеді. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды: 90-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу, 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, - деп жазылған ІІМ хабарламасында. 

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұған дейін Ақмола облысының Степногорск қаласында алаяқтар өзін Ұлттық банктің қызметкерлері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғынды несие арқылы алған ірі соманы аударуға мәжбүрлегені туралы жағдай әшкере болған еді