Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде болып, басқа келушімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.