Халықаралық байқаушылар тіркелді

9 Ақпан 2023, 17:31 988
Бұл туралы ОСК кезекті отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров тіркелген барлық 7 саяси партия Мәжілістің 69 мандаты үшін саяси додаға түсетінін тілге тиек етті.
 
«Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыздық квота толығымен ескерілді», - деді төраға.
 
Отырыста сайлауда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша ОСК хатшысы Мұхтар Ерман ҚХР – 2 байқаушы, Нидерланд Корольдігі – 3 байқаушы, Халықаралық ұйым бойынша сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясы – 32 байқаушы аккредиттеуден өткенін айтты.
 
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: