Халықаралық бақылаушылар әзірге ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ

Халықаралық бақылаушылар әзірге ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ

Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Референдумды бақылауға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері. ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның басқа 6 облысында жүр.

Басқа аймақтарда бақылауды екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асыруда.