«Халық заңгері»: 150 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді

31 Шілде, 09:06 401

Әділет министрлігі ұлттық заңнаманы қалыптастыруға белсенді атсалысып, 102 заң жобасына құқықтық сараптама және сүйемелдеу жүргізді, оның 20-сына мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, негізгі заңдар органикалық өнім өндірісі, әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі, жаңартылатын энергия көздері, ғылым, білім, денсаулық сақтау мен бизнеске қатысты. Президент жолдауын іске асыру мақсатында зияткерлік меншік және норма шықармашылығы қызметін жетілдіру бойынша заң жобалары әзірленді.

«Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды, оған 1,5 мыңға жуық заңгер маман қатысып, 150 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: