Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты

31 Қаңтар 2023, 09:17 2183

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті

ҚР Ұлттық банкі 2022 жылдың желтоқсан айында валюта нарығындағы ахуал жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ доллары бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты 2022 жылғы желтоқсанда теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 460,58–473,51 теңге аралығында өзгеріп отырды.

Желтоқсанда квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімін сатуы (328,7 млн АҚШ доллары) және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді конвертациялауы (461 млн АҚШ доллары) валюта нарығында қосымша ұсынысқа ықпал етті. Валюталық интервенциялар жүргізілмеді.

Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 10,9 млрд АҚШ долларына дейін а/а 11,3%-ға төмендеді (ж/ж 26,0%-ға төмендеу), бұл ретте Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі 3,0 млрд АҚШ долларына дейін а/а 1,5%-ға өсті.

Қарашамен салыстырғанда халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты. Желтоқсанда халықтың шетел валютасын нетто-сатып алуы 264,3 млрд теңгеге дейін а/а 18,3%-ға өсті.

Шығыстардың негізгі көлемі 89,1% немесе 235,3 млрд теңге – АҚШ долларын, 2,3% немесе 6,0 млрд теңге – Ресей рублін және 8,5% немесе 22,5 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Желтоқсанда Ресей рублін нетто-сатып алу а/а 2 есе өсті (төмендеу ж/ж 13,2 есе).

Валюта түрлері бойынша бөлгенде АҚШ долларын нетто-сатып алу а/а 15,0%-ға өсті (төмендеу – ж/ж 37,8%), еуроны нетто-сатып алу 44,2%-ға өсті (төмендеу ж/ж 28,6%).

EL.KZ
Бөлісу: