Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес - Президент

27 Сәуір 2023, 11:41 963

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның XXXII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет, - деді президент.

Оның айтуынша, татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуға тиіс. Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады. Сонымен қатар ол жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет екенін атап өтті. 

Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған дейді. Мен барша отандасымызды еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырамын. Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет, - деді мемлекет басшысы.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: