Халқымыздың саны 20 миллионға жетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

16 Қараша 2023, 10:02 1277

Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Айта кетейік, үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285).

Бұл ретте санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: