Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған – Тоқаев

15 Наурыз, 16:12 1676

Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға бас мән беретінін айта келе, биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні жаңаша атап өтіліп жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сөзінше, мұның бәрі Әз-Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байытады.

Көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күннің өз атауы болады. Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Мен былтыр ауызашар берген кезде осы мәселеге арнайы тоқталдым. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Әсіресе қазіргі таңда мұндай қадамдардың мән-маңызы айрықша. Себебі соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғаны баршаңызға мәлім. Олар – бөтен емес, өз азаматтарымыз, - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде қара киініп жүру әсіре-діншілдіктен туған үрдіс екенін алға тартып, өз дәстүрімізден ажырамауға шақырды.

Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек, - деді президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: