Бүгінгі таңда әлемдік фильмдерді қазақша сөйлетуде қиындықтар көп. Мамандар осылай деп дабыл қағады. Себеп көп: аударма сапасынан бастап, кинотеатр иелерінің қарсылығына дейін. Бірақ, қазақша сөйлеген фильмдерге сұраныс баршылық. Бүгінгі подкастқа қатысқан дубляж мамандары осынау саланың қиындықтары мен артықшылықтарын тілге тиек етті.