24.09.2025
15:08
451
Хакерлік шабуыл: Land Rover зауыттары 1 қазанға дейін жабылды

Хакерлік шабуыл: Land Rover зауыттары 1 қазанға дейін жабылды

Jaguar Land Rover компаниясы өз зауыттарындағы жұмыстың тоқтап тұрған уақытын ұзартты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.

Кыркүйек айының басында болған кибершабуылдан кейін Ұлыбританиядағы ең ірі автокөлік өндіруші Jaguar Land Rover-дің өндірісі толық тоқтап қалған еді, енді компания зауыт жұмыстары 1 қазанға дейін басталмайтынын мәлімдеді. Бұл жағдай шағын жеткізушілерді де тығырыққа тіреді, – делінген хабарламада.

Ұлыбританияда Jaguar Land Rover-дің үш зауыты бар, олардың жалпы тәуліктік қуаты – 1 мың автокөлік. Өндірістің қайта іске қосылмауы салдарынан компания аптасына шамамен £50 млн шығынға ұшырап отыр. Ал зардап шеккен зауыттардағы 33 мыңнан астам қызметкердің басым бөлігіне үйлерінде болу тапсырылды.