Ұлыбританияның Салық және кеден төлемдері басқармасынан (HMRC) хакерлер 47 миллион фунт стерлингті (шамамен 64 миллион АҚШ доллары) заңсыз иемденген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.
Қаскөйлер 100 мыңнан астам азаматтың жеке аккаунттарына қол жеткізіп, олардың атынан әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштер жіберген.
Оқи отырыңыздар:
Басқарма бас директоры Джон-Пол Маркс мәлімдегендей, бұл — HMRC жүйелерінен жеке мәліметтерді ұрлау мақсатында ұйымдастырылған фишингтік шабуыл.