Ғылымға деген қолдау еселеп көбейіп келеді - ғалым

12 Сәуір 2023, 18:54 1112
Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы еліміздегі ғалымдардың жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
“Ғылымға көңіл еселеп артып келеді. Біріншіден, ғылыми-техникалық модернизация жүріп жатыр. 2021 жылдан бастап қаржыландыру жүйесі ауысты. Ол жалақының көтерілуіне әсер етті. Ғылыми жобаларды орындауға бұрын 3 жыл уақыт берілсе, қазір 5 жылға дейін орындауға мүмкіндік бар. Конкурстар бұрын 3 жылда бір рет қана өтетін болса, қазір жылына екі, тіпті, үш рет өтіп жатыр. Жастарға ерекше көңіл бөлініп, олардың байқаулары жеке өтіп жатыр”, - деді ол.
 
Сондай-ақ ол бұрын институт бюджеті 10 млн-ның ар жақ бер жағы болса, қазір 1,5 млрд екенін айтты. Бұл - Президенттің, Үкіметтің ғылымға қолдауының анық көрсеткіші. Ғалым шетелден тәжірбие алмасуға 500 ғалымға орын берілетініне баса назар аударды. Сонымен бірге ол 100 шақты жас ғалымды қолдау бойынша грант беріліп жатқанын айтты.
Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: