Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған телеграм-арнасын іске қосты

27 Қыркүйек 2023, 08:13 685

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІ» телеграм-арнасын іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Онда студент жастардың өмірі туралы хабар таратылады, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық бойынша түрлі лайфхактар мен кеңестер бар.

Егер сіз Қазақстанның студенттік өмірінің соңғы жаңалықтарынан хабардар болғыңыз келсе, пайдалы және білім беру материалдарына бірінші болып қол жеткізгіңіз келсе, Министрліктің конкурстары мен жобалары, омбудсмендердің жұмысы туралы білгіңіз келсе, төмендегі сілтеме бойынша біздің арнамызға жазылыңыз! https://t.me/sci_gov_kz, - делінген мәліметте. 

Берік Арманов
Бөлісу: