«Ғылым қоры» төрағасының орынбасары Дамир Егізбаев өмірден өтті

19 Ақпан 2023, 17:30 3846

Бұл туралы Саясат Нұрбек өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дамир Егізбаев 43 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дамир Алтынбекұлы Егізбаевтың мезгілсіз өмірден озғаны туралы қаралы хабар жетті. Біз Дамир Алтынбекұлын әрқашанда аса мейірімді, ақжарқын әрі өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде еске алатын боламыз, - деп жазды Саясат Нұрбек өзінің Facebook парақшасында.

 

 

EL.KZ
Бөлісу: