Ғылым комитеті ғалымдардың шетелге кетуіне қатысты түсінік берді

1 Қараша 2022, 13:45 2594

1 мыңнан астам қазақстандық ғалым ғылымнан кеткен

Еліміздің Ғылым комитеті ғалымдардың көптеп шетелге кетуіне қатысты ресми ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz

Комитет төрағасы 1 мыңнан аса ғалымның ғылыми жобалардан кету себебін түсіндірді.

«Бірінші себеп, басқа салаларға қарағанда ғылымды қаржыландыру төмен болды. Жалақының төмендеуіне байланысты. Ғалымдардың орташа жалақысы 250 мың теңге. Басқа салалармен салыстырсақ бұл аз. Екінші себеп, отандық ғалымдар шетелге тағылымдамадан өтуге барып жатыр. Оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы да бар. Мерзімі әртүрлі. Үшінші себеп зейнет жасына келген ғалымдардың саладан кетуі. Ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес зейнетке шыққан ғалымдардың орнына жаңа буын келеді деген жоспар бар. Сол үшін де «Жас ғалым» жобасын қолға алып жатырмыз», - Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки.

EL.KZ
Бөлісу: