Ғұсман Қырғызбаев: Бұл – менің соңғы Олимпиадам

29 Шілде 2024, 06:25
1095
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жеткеннен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – менің соңғы Олимпиадам. Мен 32 жастамын. Бұл жеңіске барлық күшімді салдым. Жеңісімді бүкіл Қазақстанға, ата-анама, жұбайыма және балаларыма арнаймын, - деді спортшы.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде сербиялық Страхинья Бунчичті жеңді.
Бөлісу: