21.04.2025
15:54
1269

Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.