Гүлзира Айдарбекова тойдан кейін Кипр аралына демалысқа кетті

17 Қараша 2023, 13:33 1158

Жақында ғана кенже ұлы Заңғарды үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған Гүлзира Айдарбекова шетелге демалуға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер демалыс үшін Кипр аралына барып, құрбыларымен жүрген видеосын жариялады. Сондай-ақ әуежайда құжаттарды тексеру кезінде жергілікті қызметкерлер "Қайрат Нұртастың анасы" деп танып қойғанын айтып берді.

Үнемі жұбайы Нұртаспен демалысқа кететін Гүлзира Айдарбекова бұл жолы құрбыларымен демалатынын жазған.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова кіші келініне 10 мың доллар қалың мал бергенін жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: