Гүлзира Айдарбекова әйелдерге күйеуімен қайда сөйлесу керегін айтты

3 Қазан 2023, 16:30 4672

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қыз-келіншектерге өзімнің өмірімнен алынған дүниелермен бөлісейін. Үйде жүрген кезде әдемі киініп алыңыздар. Балаларыңыз да қуанып отырады, көңіл күй де күшті болады, жолдасыңыз да сізді құрметтейтін болады. Көбі шайдің басында күйеуімен ырылдасып отырады ғой, бұдан бала-шағаның көңілі түсіп кетеді. Сол себепті қолыңыздан келгенше күліп отырып, әдемі киініп, жақсылап тамағыңызды, шайыңызды берсеңіз, келешекте балалар үшін де жақсы болады. Кейін өздерінің әйелдерін солай құрметтеп, қарсы алатын болады. Күйеуіңізге айтатын сөзіңізді жатын бөлмеге барғанда жеке айтыңыз. Балалардың алдында оның абыройын түсірмеңіз. Олардың да әкесіне деген құрметі күшті болады. Сол ісіңізге қарап, күйеуіңіз сізді сыйлайды. Сіздің ақылдылығыңызды, даналығыңызды көкейінде ұстап, өзіңізге разылығын білдіріп отырады, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, үй киімнің қымбат болуы міндетті емес, оның жарасымдылығы маңызды.

Міндетті түрде қымбат киім киюдің қажеті жоқ. Маған көбіне жарасымды болса болды, үйге арзан шыт матадан тігілген киімді киіп аламын. Денеге жұғымды, жеңіл, үйлесімін тапса болғаны. Садыра-садыра болып, шашыңыз ұйпа-тұйпа болмай, ретке келтіріп жүрсеңіз, кейін «анамыз» дегенде отбасыңыздың алдында сол бейнеңіз тұрады, – деді танымал продюсер.

Желі қоданушылары да Гүлзира Айдарбекованың сөзіне келісетінін жеткізіп, жазба астына пікір қалдырды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: