Гүлсая Ержан әлем чемпионатындағы бәсекені аяқтады

Гүлсая Ержан әлем чемпионатындағы бәсекені аяқтады

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші күнінде боксшы Гүлсая Ержан бәсекені аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

81 келі салмақ дәрежесіндегі спортшымыз 1/8 финалда қытайлық Хиаоменг Вангпен жұдырықтасты. Екі спортшы алма-кезек соққы алмасса да Қытай спортшысы басым түсті. Есеп: 0:5.

Осылайша жерлесіміз дүбірлі додада қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатындағы жарысты аяқтады.