Гүлді «ұрлап» кеткен экс-полицей бейтаныс әйелдің телефонын тартып алды

11 Наурыз, 12:08 4774

Былтыр Шымкентте гүл дүкенінде сатушыны қайшымен қорқытып, гүлді тегін алып кеткен экс-полицей тағы да бұзақы әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған полицейдің масаң күйде отырғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің телефонын сұрап, жалынып жатқанын көруге болады.

Жәбірленуші оқиға куәгерлерінің көмегімен телефонын қайтарып алды. Алайда, дөрекелігімен қоғамда дүрбелең туғызып жүрген экс-полицей бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.

Айта кетейік, аталмыш ер адам  8 мамырда ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.  Ол 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: