Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиаданы бесінші орынмен аяқтады

Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиаданы бесінші орынмен аяқтады

Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайыржанова Гүлбахыт Паралимпиада ойындарында найза лақтыру (F13 класы) бойынша 34.23 м нәтижесімен бесінші орын алды. Бірінші орынды Қытай спортшысы 47.06 м нәтижесімен иеленсе, екінші орынды Кулинис Сорокина (бейтарап туды ұстаушы) 36.56 м нәтижесімен алды, үшінші орын Австрия спортшысына 36.56 м нәтижесімен бұйырды, ал төртінші орынды Дабровольская Анна (бейтарап туды ұстаушы) 35.75 м нәтижесімен иеленді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Париж қаласында өтуде. Бүгін сондай-ақ пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов пен Севда Әлиева, пара таеквондошылар Нышан Омирали мен Нұрлан Домбаев және волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина командасымен кездеседі.