Грузиядағы қазақ жастары экологиялық акцияға шақырды

18 Маусым, 01:31 376

Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі Абай ескерткішінің жанындағы скверде экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

СІМ-нің мәліметінше, оған қазақстандық студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Грузияда жүрген отандастарымыз үшін бұл жер дәстүрлі жиналып тұратын «Қазақстанның бұрышына» айналуда, өйткені осындай іс-шара екінші рет өткізілуде және де әртүрлі жақсы оқиғалар аясында қызықты мазмұнымен жалғасын табатын болады.

Бұл жолы қазақ жастары Абай Құнанбайұлы атындағы аудиториясы бар Сухуми мемлекеттік университетінен грузин құрдастарын шақырды. Бірлескен еңбектен кейін ұлттық тағамдардан дәм татып, дастархан басында  екі елдің жастары бір-біріне өз елдері туралы айтып, жаңалықтармен бөлісіп, қызықты әңгіме өткізді. Қазақ жастары грузин құрдастарына Қазақстаннан әдейі арналып тіктірілген ұлы ақын және ойшылымыз Абайдың бейнесі тоқылған әдемі жейделерді сыйлады.

Акцияға қатысқан отандастарымыздың айтуынша, елден алыста жүрсе де бірге жиналып, Отан үшін пайдалы іс жасау оларға ерекше сезім мен мақтаныш сыйлады, бұдан былай да қазақ халқының жетістіктерін дәріптеуге, Қазақстан мен Грузия арасындағы достық байланыстың одан әрі дамуына дәнекер болуға деген құлшыныстарын арттырды.

Өз кезегінде грузин жастары Қазақстан Президентінің бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, эковолонтерлікті дамытуға және туған жеріне ұқыпты қарауға бағытталған іс-шаралар жөнінде білгендеріне және оған өз үлестерін қосқандарына қуанышты екенін жеткізді.

 
Қазақстан мен Таиланд мәдени ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты шаралар қабылдауға дайын
Перизат Саденова
Бөлісу: